Өңірдегі тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейткен. Себебі, ауа райының тосын мінез танытуы жол-көлік оқиғасының жиілеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұдан бөлек, көлік жүргізушілері сақтық шараларын естен шығармауы қажет.Темір тұлпарына қыстық дөңгелек салуы керек. Егер 1 желтоқсанға дейін қамданбасаңыз айппұл арқалауыңыз мүмкін.

Автокөлікті жыл мезгіліне қарай тексерістен өткізбесе қиын жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, «қыстың қамын - жаздай ойлап» көлікігіңізді ертеден ретке келтіру қажет, дейді тәртіп сақшылары.

Тәртіп сақшылары ауа райының тосын мінез танытуы салдарынан көлік жүргізушілерін жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Бұдан бөлек, бірінші желтоқсанға дейін қысқы дөңгелекке қатыста белгіліенген талапты елемеудің арты, айыппұл арқалауға негіз болатынын тағы бір мәрте еске салды.

ПД өкілдері өткен жылы жазғы дөңгелектерді ауыстырмай арты қайғылы жағдайға ұласқан деректер, жол-көлік оқиғасы тіркелмегенін айтады..