Өскемендегі 25-ші шағын аудан тұрғындары жол, жарық және суға жарымай келеді. Жергілікті билік өкілдері ауданды дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеген. Нақты жұмыстар қашан басталады? 

Соңғы 10-15 жылда бой көтерген шеткі шағын аудандардың бірде-бірінің инфрақұрылымы әлі толық шешілмеген. Есесіне халық жеке үйлерді бірінен соң, бірін салып жатыр. Тұрғындар үшін ең негізгі мәселе электр энергиясы. Сондықтан әркім өзінше әркетке көшкен.

Александр Кожеховтың желден энергия өндіру әркетінен еш нәтиже болмаған соң, жанармаймен жұмыс істейтін генератор қолданып жүр. Бірақ оның өзін көп қоса алмайды.

Жолдың жоқтығынан шағын ауданға мектеп автобусы да кірмейді. Оқушылар қалаға қатынайтын орталық жолдың бойынан барып отырады. Оған дейін 2-3 шақырым.

Есімхан Шыңғожин жер учаскесін алып баспана құрлысын бастаған. Алайда су мен электрдің жоқтығынан жұмысы аяқсыз қалды.

Түк жоқ дегенмен Өскемен қаласы әкімдігіндегі осы салаға жауапты бөлім басшылар келіспейді. Шағын ауданға су құбыры үш жыл бұрын тартылған. Алайда электр желісін тартуға міндетті мердігер компанияның жұмысы аяқсыз қалған. Істің соңы сотқа жеткенімен, ақырында тараптар қайта келісімге келген.

Жыл соңына дейін электр желісі тартылса, жол мен су алдағы жылдардың жоспарында. Оған дейін шағын аудан тұрғындары ескі соқпақпен ептей тұруға тура келеді.