Аймақта көлеңкелі экономика, қаржы пирамидалары және лудоманиямен күрес күшейіп келеді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Эрудиттер форумы» атты интеллектуалдық ойын өтті. Мақсат - студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Жарысқа өңірдің үш жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әр команда берілген тапсырмаларды орындап, өзара кім мықтыны анықтады. Студенттер жағы мұндай шаралардың болашақ ұрпаққа берері мол деген пікірде.

Сайысты «экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді науқан жүргізу» жобасы аясында «Антарес-А» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері студенттерге қаржы пирамидаларының, лудоманияның қаупі туралы ақпарат берді.

Жоба аясында облыс жастарына арналған кездесулер ұйымдастырылды. Департамент басшылығы бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғасатынын айтады.