Мамандардың мәліметі бойынша қыста өрт шығу қаупі жолғары. Оған түрлі факторлар да әсер етеді. мәселен, жылыту маусымы басталысымен жер үйлер мен саяжайларда пештерді дұрыс пайдаланбау, мұржаның уақтылы тазаланбауы және электр құрылғыларына жүктеменің шектен тыс түсуі және сақтық шараларының сақталмауы себеп. Ал оны алдын алу мақсатында обылстық төтенше жағдайлар және полиция департаменті мамандары арнайы рейд барысында жер үйлерді аралап, тексеріс жүргізді.

Рейд барысында жауапты департамент қызметкерлері тұрғындармен тілдесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға барып, сақтық шараларының негізгі талаптарын түсіндірді. Өрт шығу қаупін алдын алу мақсатында бірнеше үйге дабыл қондырғыларын орнатты.

Қауіп адамға өрт пен түтіннен ғана келмейді. Көміртегі тотығы - көрінбейтін және иіссіз улы газ екенін де ескерген жөн. Мамандардың айтуынша уланған адамның қатты басы ауырып, тұншығады. Ал көмірқышқыл газының жоғары концентрациясында адам есінен танып, сал болып қалуы да әбден мүмкін.

Жылыту маусымы басталғалы бері жүргізілген тексеру нәтижесінде 26 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының алдын алу жұмыстарының арқасында тұрғындар өз күшімен 22 мыңнан астам заңбұзушылықты жойған.