Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Әсіресе қоршаған ортаны тазалауда, абаттандырып, көгалдандыруда жастардың үлесі ерекше.

Өскеменде «Қоршаған ортаны қорға – туған жерге қамқор бол» атты жастармен кездесу өтті. Онда қоғамдық ұйымдардың белсенділері, студент жастар жиналып экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Жоғарғы оқу орнының тәрбие жұмыс тары және әлеуметтік мәселелер бөлімі жетекшісінің орынбасары Анас Бақдәулеттің сөзінше, студенттер «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып келеді. Алдағы уақытта университеттің экоеріктілері қала тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қала экологиясын жақсарту бағытында қала әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Жиында жыл соңына дейін жалғасатын акцияның мақсаты, алда атқарылатын жұмыстар пысықталды.