Аймақ басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы топ кезекті рейдке шықты. Себебі, Өскеменде бірнеше күннен бері қалың тұман сейілмей, қала тұрғындарын алаңдатып отыр.Бұл жол азаматтар түнгі уақытта ауа сапасына тексеру жүргізді.

Тексеріс жұмыстары өнеркәсіп орындарының аумағында, оларға іргелес санитарлық-қорғау аймақтарында жүргізілді. Нәтижесінде, «Казцинк» ЖШС аумағында зиянды заттардың мөлшерден асуы тіркелмеді. Ал "Май" АҚ санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасында хлор концентрациясының, «Защита» шағын ауданында күкірт пен хлордың шамадан тыс мөлшері анықталды.

Мамандар қолайсыз метерологиялық жағдай тіркелген уақытта қажеттілікке қарай тексеріс жұмыстары жүргізілетінін айтады.

Өскеменде қолайсыз метерологиялық жағдай қараша айының соңына дейін сақталатынын айтады мамандар.