«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 ә/б жас сарбаздармен толықты. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастар әскери ант қабылдады. Жауынгерлер алдымен бір ай бойы оқу-жаттығудан өтті. Енді олар сап түзеп ел тыныштығын күзетпек. Сарбаздар елдің 10 облысынан келген.

Білікті әрі білімді болу әр сарбазға міндет. Оқу-жаттығудан өткен жас жауынгерлерге артылған жауапкершіліктің салмағы ауыр. Маңзды күнде шалыс басып, қадамнан жыңылуға болмайды. Әскерилер үшін мереке саналатын бұл шара бауыр еті баласын әскерге жіберген ата-ана үшін де қобалжу сәті.

Әскери Ант – Отан алдында борышын өтеуге аттанған әр сарбаз үшін қастерлі. Бұл ең алдымен адалдықтың анты. Әрдайым салтанатты жағдайда өтуі де сондықтан. Отан үшін отқа түсер азаматтардың өміріндегі жауапты қадам жасау шарасына 27/943 әскери бөлімінің басшылық құрамы, әскери бөлімнің ардагерлері мен жеке құрамы түгелдей жиналды.

Сарбаздар бұл сәтті асыға күткендерін айтады. Шараға жиналған ата-аналар жағы ерекше сезімде. Солардың бірі-қатардағы жауынгер Ералиев Нұржанның әжесі Сара Әлібекова. Ол мың шақырымды артқа тастап ант қабылдау рәсіміне арнайы келген.

Шара соңында барлау ротасының жеке құрамы қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті.