Бүгін облыстық ардагерлер ұйымы жылдық жоспарға сәйкес жиын өткізді. Жиында ардагерлердің тұрмыс жағдайы, оларға қызмет көрсетудің медициналық, әлеуметтік және басқа да түрлерін жақсартуға бағытталған жұмыстар сөз болды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен бірқатар басқарма басшылары қатысты.
Жиында облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы өткен жылды қорытындылап, жетістіктерге тоқталды. Алдағы міндеттер мен өңір дамуына еңбегі сіңген азаматтардың үлесін де атап өтті. Отан соғысының 80 жылдығына қатысты сұрақтарда талқыға түсті.
Пленумға 41 адам мүшелік етеді. Биыл облыс көлемінде ардагерлер ұйымы төрт дөңгелек үстел өткізген. Түрлі игі шараларды ұйымдастыру аймақтағы аудан, ауылдарда да қолға алынған.
Аймақта Отан соғысына қатысқан және оларға теңестірілген ардагерлер саны 4 787 адамды құрайды. Оларға медициналық көмек уақтылы көрсетіліп келеді. Тұрмыстық жағдайлары да назардан тыс қалмайды. Жыл сайын бес мыңнан астам аға-буын өкілі «Уба» шипажайына барып, ем – дом шараларын алады. Оған бюджет тарапынан 869 млн. теңге қарастырылған.
Өз кезегінде өзге де ардагерлер сөз алып, орамды ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар қарттардың емдеу-сауықтыру орындарымен қамтылуын, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдағы тұрақтылық секілді бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Жиын соңында аймақ басшысы Ермек Көшербаев қоғам өміріне сүбелі үлес қосқан Манарбек Мұхамеджановты мерейтойымын құттықады. Оған Шығыс Қазақстан облысының құрметті ардагері атағын табыстады. Өзге де ардагерлерге алғыс білдіріп, қарияларды қолдау шаралары жалғасатынын айтты. Жиында көтерілген барлық ұсыныстар ескеріліп, мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылмақ.