Аудандық коммуникациялар қызметінің алаңында Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Нұрғайни Қабидолдина есептік кездесу өткізді. Брифинг барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы айтылды.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты. Өнеркәсіп саласының қарқыны жоғары. Шығарылған өнімнің жалпы көлемі 5 млрд. теңгеден астам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,2%-ға артқан.
Зайсан ауданы ауыл шаруашылығы саласында да бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Мәселен, асыл тұқымды мал басы санын арттыру, тауарлы сүт фермаларын дамыту және мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауында Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екенін еркеше атап өтткен болатын. Президент пәрменінен кейін аудан басшылары ауқымды шаралар легін қолға алған.
Зайсанда тұрғын үй құрылысы да қарқынды. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданға қарасты ауылдарда 68, орталықта 30 пәтерлі үйдің құрылысы басталған.