Тәуелсіздік күні қарсаңында жас құтқарушылар арасында жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа қатысқан мектеп оқушылары түрлі кезеңдерден өтіп, үздік болуға ұмтылды.
Шара салтанатты түрде ашылып, әнұран орындалды. Ал облыстық ТЖД бастығығының орынбасары Фархат Әміре құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін, командалар алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру, кедергілерден өту бойынша бақтарын сынады.
Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті сала. Мамандар мұндай жарыстардың жас құтқарушыларға берер пайдасы мол,- дейді.
Жарысқа жас құтқарушылардан құралған 13 топ қатысты. Тартысты ойында №4 мектептің құрамасы жеңіске жетіп бас жүлдеге ие болды. Ал бірінші орын №35 мектепке бұйырды. Екінші орынға №26,37,42 мектептер жайғасты. №29 орта мектептің құрамасы үшінші орынға табан тіреді.